Система Orphus

Қазақстанда ревакцинациямен 45 мыңға жуық адам қамтылды

09.12.2021, 14:18 95754
Қазақстанда ревакцинациямен 45 мыңға жуық адам қамтылды
Сурет: rossaprimavera.ru
НҰР-СҰЛТАН. 9 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда ревакцинациямен 45 мыңға жуық адам қамтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі күні ревакцинациямен 44 702 адам қамтылды. Ревакцинация жұмыстары жалғасуда", - деді Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 
Ол әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакцинациялау тактикасын қайта қарағанын атап өтті.
 

Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған барлық адамдар, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар ревакцинацияланады", - деп нақтылады министр.

 
Сондай-ақ, оның айтуынша, ҚР барлық өңірлерінде алынған оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жұмыстары жалғасуда.
 

Коронавирустың "Омикрон" штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирустың "Омикрон" штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді. Коронавирустың "Омикрон" штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ", — деді Денсаулық сақтау министрі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны