22.02.2022, 17:46 28421

ҚР 22 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 438 жаңа COVID-19 жағдайы

ҚР 22 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 438 жаңа COVID-19 жағдайы
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - 2022 жылғы 21 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 299 566 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 483 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 26; 

Алматы қаласында - 172; 

Шымкент қаласында - 4; 

Ақмола облысында - 23;

Ақтөбе облысында - 1; 

Алматы облысында - 42; 

Атырау облысында - 0; 

ШҚО-да - 20; 

Жамбыл облысында - 11; 

БҚО-да - 4; 

Қарағанды облысында - 47; 

Қостанай облысында - 24; 

Қызылорда облысында - 1; 

Маңғыстау облысында - 1; 

Павлодар облысында - 50; 

СҚО-да - 55; 

Түркістан облысында - 2. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 243 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 256 284 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

22 ақпанға КВИ-ден 30 846 адам (29 737 КВИ+ және 1 109 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде

- стационарларда - 4 198 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 26 648 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 230 пациент, 

- аса ауыр халде – 103 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 85 пациент бар. 

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 22 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 545 өлім жағдайы тіркелген. 

2022 жылғы 21 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның жағдайы тіркелген жоқ, 3 адам қайтыс болды. 

Қазақстанда 2022 жылғы 21 ақпанда I компонентпен 9 355 368 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 941 123 адам вакцинацияланды.

"Қызыл" аймақта: Алматы қ., Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Сары" аймақта: Қостанай, Павлодар облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны