26.01.2022, 16:05 43086

ҚР 26 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

ҚР 26 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 25 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 178 559 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 11 862 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 2 352; 
 
Алматыда - 2 126; 
 
Шымкентте - 157; 
 
Ақмола облысында - 976; 
 
Ақтөбе облысында - 467; 
 
Алматы облысында - 265; 
 
Атырау облысында - 477; 
 
ШҚО-да - 354; 
 
Жамбыл облысында - 194; 
 
БҚО-да - 420; 
 
Қарағанды облысында - 2 058; 
 
Қостанай облысында - 348; 
 
Қызылорда облысында - 134; 
 
Маңғыстау облысында - 173; 
 
Павлодар облысында - 910; 
 
СҚО-да - 318; 
 
Түркістан облысында - 133.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 360 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 009 910 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 қаңтарға КВИ-ден 156 909 адам (155 485 КВИ+ және 1 424 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 027 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 146 882 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 383 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 134 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 71 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 164 өлім жағдайы тіркелген. 24 қаңтарда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 24 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 172 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 188 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 740, өлім - 5 251, сауыққандар - 79 065. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 25 қаңтарда I компонентпен 9 146 412 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 714 897 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны