11.05.2022, 16:30 20831

Сауда министрлігі Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бұл ақпаратты ҚР СІМ де жоққа шығарды.
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, сондай-ақ Сыртқы істер министрліктерінде Telegram-да таратылған Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығуға бастамашылық еткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
 

"Қазақстанның жоспары" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бұл ақпаратты ҚР СІМ де жоққа шығарды.
 

Таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөздеріне сүйенеді. Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес. Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.

 
Ақпарат көзі: stopfake.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны