09.04.2024, 14:24 34991

Су тасқынынан зардап шеккен АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады

Су тасқынынан зардап шеккен АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады
ТЖ режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алушыларға осы жылдың II тоқсанында АӘК мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізуде.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі АӘК алушы отбасыларға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009752 сілтемесі бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК келесілерді көздейді:

- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;

- жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және т.б.

2024 жылдың I тоқсанында 58,8 мың отбасы (312 мың адам) 7,8 млрд теңге сомасына АӘК алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны