03.12.2021, 19:31 127101

Тоғжанов КВИ жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

Вице-Премьер халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Тоғжанов КВИ жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
Сурет: yandex.kz
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, "омикрон" жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантинде болуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды. 
 
Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.
 
Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен қамту оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес болған жағдайда 10 ай ішінде 79%-ды құрайтынын атап өтті. 
 
Республиканың барлық өңірінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакциналаумен қамтуға қол жеткізілмеген. Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3%), Павлодар (64,7%), Ақтөбе (66,1%), Маңғыстау (66,4%), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4%) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. 
 
Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны