18.08.2021, 18:51 15661

Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус ауруының төмендегені және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендеді. 18 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада COVID-19-ның оң нәтижесі бар 708 379 науқас және КВИ- нәтижесі бар 66 381 науқас тіркелді.
 

Түркістан облысынан басқа барлық аймақтар қызыл аймақта. Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалды, орташа есеппен аптасына 53 мыңға жуық жағдай тіркеледі", — деді А. Цой.

 
Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-ден 0,97 -ге дейін 14%-ға төмендеді. Инфекциялық орындар 53%, реанимациялық орындар 47% жүктемеленген.
 

Инфекциялық орындардың көп жүктемеленуі Ақтөбе облысында – 69%, Қызылорда облысында – 66%, Алматы облысында – 64%", - деп нақтылады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, министр елдің медициналық ұйымдарының тұрақты жұмысын атап өтті, ал бүгінгі күні КВИ-мен ауырған 120 мыңнан астам науқас емделуде. Сонымен қатар, бірінші күні реанимацияға жатқызылған пациенттердің үлесі 40%-дан асты және бұл агрессивті Дельта штаммының әсерімен, науқастардың өзін-өзі емдеуімен және олардың медициналық көмекке кеш жүгінуімен байланысты.
 
Вакциналау процесіне келетін болсақ, бүгінгі күнге дейін республикада бірінші компонентін 6,1 млн адам алды, тиісті халықтың қамтылуы 62% құрады, екінші компонентін 4,8 млн-ға жуық адам алды, бұл тиісті халықтың 48%-ын қамтиды.
 
Министрдің айтуынша, ең көп қамту 6 аймақта байқалады: Шымкент, Алматы қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында. Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады. 
 

Өңірлер вакцинаның жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілген. Вакциналар кесте бойынша жеткізілуде. Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы барлық аймақтарға жеткізілді. Жеткізу жалғасуда", — деді А. Цой.

 
 "Ashyq" жобасының кеңінен таралуы жалғасуда. Министр атап өткендей, жобаға қатысушылардың саны 111 мыңнан асты, оның ішінде 921 көшбасшы, қолданушылардың саны 4 млн жетті. Күн сайын 400 мыңнан астам қазақстандық онлайн режимінде өз статусын тексереді. 
 
Бақылау топтары карантин шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруда. Талдау көрсеткендей, соңғы екі аптада рейдтік қамту 16%-ға, ал бұзушылықтарға жол берген объектілер саны 1,2 есеге өсті. "Ashyq" жобасы аясында мониторинг топтары 60 473 объектіні қамтыды, 1 183 объектіде бұзушылықтар анықталды.
 
Сонымен қатар, министр атап өткендей, "Ashyq" енгізілгеннен бері "қызыл" және "сары" статусы бар 46 067 келуші анықталды, оның ішінде 29 930-ның ПТР тестісінің оң нәтижесі бар және 16 137-сі ауруды жұқтырғандармен байланыста болғандар.
 

Бұл статистика, өкінішке орай, кейбір азаматтардың үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын, халық жаппай жиналатын объектілерге баруға тырысатынын, ел ішінде көп жол жүретінін, осылайша ауруды басқаларға жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетеді. Басқаларға қауіп төндіретін азаматтардан азаматтық жауапкершілік танытып, вирустың таралуына ықпал етпеуін сұраймын", — деді А. Цой. 

 
Оның айтуынша, қазіргі карантин шараларына қарамастан, көптеген аймақтарда көп адамдардың қатысуымен мерекелік шараларды (үйлену тойлары, еске алу асы және басқалары) өткізу жалғасуда және карантинді өрескел бұзу фактілері анықталды. 
 
Министр Премьер-Министрге жергілікті атқарушы органдарға мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсыруды сұрап өтініш білдірді.
 
Республикадағы эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыруды қамтамасыз ету және КВИ-мен сырқаттану мен өлім-жітімнің көбеюіне жол бермеу үшін министр келесі ұсыныстарды білдірді: "қызыл" және "қою қызыл" аймақтарда орналасқан өңірлерде демалыс күнгі локдаунды сақтау; мониторинг топтарының жұмысын күшейту; тиісті халықтың вакцинамен қамтылуын арттыру; тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту; кәсіпкерлердің өтініштерін ескере отырып, "Ashyq" жобасының лидерлері үшін критерийлерді пысықтау.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны