08.09.2021, 19:40 16143

ВАК вакцинация рейдтерінің алгоритмін мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмін мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алгоритм Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және "Атамекен" ҰКП-мен әзірленді.
 
Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған бұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19 вирусына қарсы екпенің бірінші компонентімен вакциналаудан өткендігін тексереді.
 

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60%-дан азы COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады. Мониторингтік топ (МТ) рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрондық платформасында жүзеге асырылады. МТ объектіге шығу кезінде жұмыс беруші екпе алған және вакцинациялаудан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімдегі ПТР-зерттеулер, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады. МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1 000-ға дейін-кемінде 3%, 1 000-нан жоғары-кемінде 1%) "ASHYQ" қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді", - деп түсіндірді ВАК.

 
 "Жасылдан" басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинациясыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпараь (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар).
 

Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда Мониторингтік топ (МТ) нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материалдар қалыптастырады және кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакцинацияланбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-тан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Қаулы береді (жолдайды). МТ Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады. Жергілікті атқарушы органдар объектілерге әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша объектінің "Ashyq" жобасына қатысуын тоқтата тұрады", - деп түсіндіріледі хабарламада.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны