27.09.2021, 18:58 24898

Вакцина алған адамдарда Ashyq-та "жасыл" мәртебесі қанша сақталады

НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың вакцина алған қазақстандықтар үшін Ashyq-тағы "жасыл" мәртебенің сақталу ұзақтығын анықтайтын қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыға сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін "жасыл" мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда "жасыл" мәртебесі "көкке" ауыстырылады.
 
COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін "жасыл" мәртебесі 1 жыл бойы сақталады.
 
COVID-19-бен ауырған адамдарда "жасыл" мәртебесі сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
 

"Сары" мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң "көкке" ауыстырылады. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда "қызыл/сары" мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады", - делінген құжатта.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны