Жеткіліктілік шегі артқаннан кейін қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын пайдаланды
тақырып бойынша жаңалықтар
Тоқаев Nomad Stunts тобының басшысына ер-тоқым сыйлады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысына Наурыз атты тазы күшік сыйға тартылды
Құмай тазы - ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік шараға қатысты
Наурыз - жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл - халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл. Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген. Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні - жаңа өмірдің жаршысы" , - деді Президент.
Наурыз кезінде бүкіл елге ортақ құндылықтар дәріптеледі. Яғни, Әз-Наурыз - нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы Ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз - ата жолын жалғаған жұртпыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халық бұл бастамаларды қолдады. Біз жоспарымызды бір жылда табысты жүзеге асырдық. Референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгіздік. Билік жүйесін қайта жасақтау үшін маңызды саяси шаралар іске асырылды. Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы - бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау - ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар", - деді Президент.
Енді саяси жүйесі толық жаңғырған еліміз тың қарқынмен дамиды. Бұл реформалар экономиканың өсуіне, халық табысының артуына жол ашады. Реформаларымыз міндетті түрде жалғасын табады. Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз! Бұл - негізгі мақсатымыз. Азаматтарымыздың көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі - бір. Бұл - елдің амандығы, мемлекеттің жарқын болашағы. Біз осы ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етеміз. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бір ел болып іске кіріссек, алынбайтын асу жоқ. Мен жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болады деп сенемін. Мемлекеттің мүддесі - бәрінен биік. Біз жастарымызға қамқор болып, оларға барынша жағдай жасаймыз. Мен жастарға сенемін! Оларға зор үміт артамын! Ел болашағы - өскелең ұрпақтың қолында. Ендеше, туған елімізді бірге дамытайық, ағайын! Бірлік түбі - береке" дейді халқымыз. Қоғамда келісім және татулық болса, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Біздің мақсатымыз - айқын. Бұл - Әділетті Қазақстанды құру. Осы жолда бәріміз бір кісідей жұмылайық, ардақты ағайын!", - деді Президент.
Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!" - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандықтар 19 наурыздағы сайлауда тіркеусіз қалай дауыс бере алады
ХҚКО мамандары тіркеу қызметтерін сайлау күні сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін рәсімдейді. Сондай-ақ, егер азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, дауыс беру үшін өзінің мекенжайына жақын сайлау учаскесі орналасқан мектепке, колледжге немесе университетке жүгіне алады. Бірақ 20 наурыздан бастап азамат автоматты түрде бір күндік тіркелген жерінен шығарылады. Бұл қызметті тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген қазақстандықтар ғана рәсімдей алады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда кезекті тұрғын үй кешенін салу үшін жүздеген көпжылдық ағаштар оталды
Тұрғын үй саламыз деп құрылыс компаниясы 200-ден астам көпжылдық ағашты заңсыз отап тастады. Біз сот арқылы табиғатқа келген шығынды өтеп беруін талап етіп едік, 30-ға жуық тал отырғызып берді. Алайда мәселе мұнымен біткен жоқ. Олар бастапқы жобасында көрсетілгендей, 12 метрлік үй салуы керек еді. Бірақ биіктігі 22 метрге жететін ғимарат бой көтерді", - деді қала тұрғыны Елена Тесленко.
Бастапқыда 2 тұрғын үйдің ортасын бөліп тұратын жасыл желек салуды ұсынғанбыз. Алайда, тұрғындардың пікірі 2 бөлінді. Бір тарап күзде жапырақтар түсіп, айнала қоқысқа толатынын айтса, келесі тарап қарсы болмады. Енді көпшіліктің келісімімен қоршау салып жатырмыз", - деді құрылыс компаниясының өкілі Бақытжан Сабраев.
Бұл мекен-жай бойынша ағаштарды кесу туралы өтініш түспеді. Сәйкесінше, біз ешқандай рұқсат қағазын бермедік. Шара қолдану үшін Алматы қалалық Полиция департаментіне жүгіндік. Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Бірақ жасыл желекке зиян келген", - деді Экология және қоршаған орта басқармасы бөлімінің бас маманы Нұрлан Сейтбеков.
Тексеріс жұмыстарына сарапшы мамандарды жұмылдыру қажет. Біз бұл жағдайға қатысты материалдарды алдық. Енді құзырлы органдар мән-жайды анықтайды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңес мүшесі Айнұр Сәбитова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Соңғы күндері әлемде болып жатқан осы тектес оқиғалар ішкі валюта нарығына да әсер етіп отыр. АҚШ доллары айтарлықтай құбылып, ұлттық валютаның әлсірей бастағаны сезілді. Бұл мұнай бағасының барреліне 73-74 доллар деңгейіне дейін төмендеуімен қиындай түсті. Әйтсе де, АҚШ пен Еуроаймақ банктеріндегі жергілікті дағдарыстардың Қазақстанның қаржы нарығына ықпалы шектеулі. Сақталған профицитті ескергенде, банк жүйесіндегі өтімділік жеткілікті", - деп хабарлады Ұлттық Банк.
Бұл теңгенің ақылға қонымды құбылмалылығын шектемей, бағам белгілеудегі нарық тетіктерін қолдайды дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда интервенциялар жүргізіледі және тиісті ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады", - деп қосты Ұлттық Банкте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысының кәсіпкерлеріне газ тарифін заңсыз көтерді
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды. газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 - 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған", - деп қосты прокуратурада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Сенат бірінші оқылымда Әлеуметтік кодекстің жобасын мақұлдады
Бұл өзгерістердің негізі назарларыңызға ұсынылып отырған Әлеуметтік кодекс жобасында көрініс тапты. Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгерту ұсынылады: яғни ол әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталатын болады. Екіншіден, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету және соның арқасында әлеуметтік қолдауды алудың бүгінгі өтініш беру нысанынан, адресті анықтау нысанына және оны проактивті форматта көрсету жүйесіне көшу қарастырылған. Үшіншіден, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге және азаматтың өзіне де жүктелетін болады. Бұл жаңа әлеуметтік контракт негізінде іске асырылатын болады. Төртіншіден, нәтижелі және формальды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған сақтандыру жүйесін дамыту көзделген", - деді Тамара Дүйсенова.
Бірінші новелла - Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі-ОЦК), ол барлық мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелеріндегі деректері бойынша қалыптасқан. Оны енгізудегі негізгі мақсат қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан Кодексте ОЦК-ны әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Сондай-ақ ОЦК отбасы мүшелерінің әлеуметтік статусына және отбасылық әл-ауқат дәрежесіне қарап мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құықылы екендігін хабардар етіп отыратын электрондық жаршы құралы қызметін атқаратын болады. Мұндай ақпарат әрбір отбасына орталық мемлекеттік орган тарапынан СМС хабарлама ретінде жіберілмек. Жәрдемақылар мен төлемдер ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде проактивті форматта тағайындалатын болады", - деді министр.
Бұл ретте, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада - 50, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда - 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені енгізуді көздеп отырмыз. Егер күнкөріс деңгейі адамның физиологияқ қалпына келуін қамтамасыз ететін болса, медиандық табыс - жалпы халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатын орташа күнкөріс табысы болмақ.
Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.
Оның негізі сақталып, тек мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады", - деп хабарлады министр.
Биылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр", - деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.
Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс онлайн-платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі", - деп хабарлады министр.
Бүгін азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады. Осыған байланысты, Әлеуметтік кодексте аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін территориалдық мобильді орталықтар және жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын ендіру қарастырылып отыр", - деді Тамара Дүйсенова.
Олардың мақсаты - Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын жетілдіруге қатысты болмақ", - деп қорытындылады министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
22.03.2023, 00:20Nomad Stunts тобының өнері
16.03.2023, 13:27 45851Премьер-Министр Қазақстан-Қытай шекарасында көліктердің өтуін жеделдетуді тапсырды16.03.2023, 18:24 44056ГЭС құрылысын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрлері талқылады17.03.2023, 08:49 42521Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жариялайды17.03.2023, 09:23 42356Алматы облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылды17.03.2023, 09:48 42006Қазақстанда банктер депозиттер бойынша өтемақы төлей бастады
03.03.2023, 11:22 86596Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды02.03.2023, 12:45 82996Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр03.03.2023, 10:34 82971Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды03.03.2023, 10:04 78081Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті03.03.2023, 08:20 76191ТХКБ шеңберінде қазақстандық учаскесінде транзиттік жүктердің өту мерзімі екі есеге қысқарды