18.04.2022, 17:36 11741

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар Медициналық сақтандыру қорына жарнаны бір жыл алға төлей алады

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыруларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар Медициналық сақтандыру қорына жарнаны бір жыл алға төлей алады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 18 СӘУІР - "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыруларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар МӘМС қорына жарна төлей алады:
 
  1. алдағы төленетін күні он екі айға, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде;
  2. төленбеген кезең үшін, бірақ ақы төленетін күннің алдындағы он екі айдан аспайтын кезең үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлейді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа енгізілім МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ұсынылатынын атап өтті.
 

Қолданыстағы нормаға сәйкес төлеушілерге МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін алдыңғы 12 айдағы берешегін өтеуі және ары қарай жарналарды әр айға төлеуі қажет", - делінген құжатта.

 
Министрлікте атап өткендей, бүгінгі күні, ел бойынша жалпы тұрақты табысы, сондай-ақ жұмыссыздардың әлеуметтік мәртебесі жоқ 3,3 млн адам немесе халықтың 17,4%, оның ішінде 1,5 млн ауыл халқы расталған тұрақты табысы, сондай-ақ жұмыссыздық әлеуметтік мәртебесі жоқ, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Бұл адамдар ауырып қалған жағдайда ақылы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр, бұл олардың кедейленуіне әкеп соғады. 
 

МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру үшін дербес төлеушілер үшін жарналарды 12 ай бұрын төлеу жолымен неғұрлым тартымды баламалы тетікті енгізу ұсынылады. Бұл ретте, дербес төлеушілер үшін МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқық жарналарды төлеген сәттен бастап қолжетімді болады", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
Айта кету керек, бүгінгі күні бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге МӘМС жүйесінде алдағы 3 үш айға жарна төлеу арқылы медициналық көмек алу құқығын алу шаралары қарастырылған, бұл ретте оларға медициналық көмек осы үш ай өткеннен кейін қолжетімді болады.
 

Сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы осы тетікті пайдаланады деп күтілуде, тиісінше оларға медициналық көмек қолжетімді болады", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
Заң жобасы 3 мамырға дейін "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны