27.10.2022, 14:33 49921

"Қайрат" ФК Алматының меншігіне беріледі

"Қайрат" ФК Алматының меншігіне беріледі
Алматы. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы әкімі Ерболат Досаев "Қайрат" футбол клубының қала меншігіне берілуін күтіп отырғанын айтты.
 
Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде "Қайрат" футбол клубының жанкүйері онда қазір қиындықтар бар екенін, оған көмек қажет екенін жеткізді.
 

Мен 60 жыл болды "Қайраттың" жанкүйерімін. Алматыда тұрамын. Қазір клубқа көмек қажет. Көп ойыншылар Ақтөбе, Астанаға, басқа клубтарға кетіп қалды. Себебі, онда көп ақша төлейді. Қазір "Қайрат" төртінші орында. Мықты ойыншылар, академия түлектерінің бәрі кетіп қалды", - деді қала тұрғыны.

 
Ерболат Досаев "Қайрат" қазір жекеменшікте екенін және әкімдік оның қала меншігіне берілуін күтіп отырғанын айтты.
 

"Қайрат" клубы қазір жекеменшікте. Сот шешімін күтіп отырмыз. Клуб қала меншігіне берілген кезде, оған көмек көрсету мәселесін қарастырамыз, яғни ол қала меншігіне өткен соң көмек көрсетіледі", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны