30.07.2023, 22:09 22071

Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды

Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды
Сурет: KTF
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева - америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк - 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ - 6:2.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны