18.09.2023, 10:17 27136

Қазақстан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді
Қазақстан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты
Сурет: KTF
София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны