29.08.2021, 21:30 117141
Қазақстан Токиодағы Паралимпиадада төртінші медальді жеңіп алды
Достарға айту
Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.
Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.
Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.
Осылайша, ҚР құрамасының арсеналында қазіргі уақытта үш күміс медаль және бір алтын медаль бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 10:43 1811
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Сурет: Турар Казангапов olympic.kz
Достарға айту
Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді. Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды, деп хабарлайды olympic.kz.
Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы - орта салмақтың ең табысты мансаптарының бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.
Кәсіпқой боксқа өткен соң, Геннадий Головкин орта салмақтың XXI ғасырда дүркіреген чемпиондарының біріне айналды.
Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді.
2012 жылы HBO арнасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін Головкин премиум-арнаның басты жұлдызына айналды. Оның жекпе-жектері үнемі үлкен қызығушылық тудырып, нокаутқа негізделген шабуылшы стилі мен орта салмақтағы үстемдігі оны әлемдік аренадағы мәртебесін айшықтай түсті.
Тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттан тұратын жеңісті жолы - дивизион тарихында ең ұзақ сериялардың бірі болды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін 21 рет сәтті қорғап, рекорд жасады. 90 пайыздан асатын нокаут көрсеткіші Гиннес рекордтар кітабында әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары пайыздардың бірі ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш те оны қазіргі бокстың ұлы тұлғаларының бірі екенін айқындайды.
Осы статистиканың ар жағында - жылдар бойғы тәртіп, ішкі күш-қуат, мықты жігер және ұлы спортшыларды даралайтын табандылық жатыр. Әр дәл тиген соққы оның ұлылыққа бастар жолындағы бір қадам болды. Ал оның стилі кәсіби бокстың үлгісіне айналды.
Бүгінде Геннадий Головкин ел намысын жаңа деңгейде қорғап жүр. Қазіргі таңда ол басқару саласында еңбек етуде. Даңқты боксшы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымын басқарады. Осылайша халықаралық спорт ұйымына жетекшілік еткен алғашқы қазақстандық атанды.
Оның Халықаралық бокс Даңқ залына енуі - тек жетістіктері үшін марапат емес, әлемдік бокстың тарихында терең із қалдырған әрі шаршы алаңнан тыс жерде де спорттың дамуына ықпал етіп келе жатқан тұлғаның еңбегін бағалау.
Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды.
Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.10.2025, 15:08 32871
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирді ашты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Үстел теннисі бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыруға және саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.
Бүкіл республика бойынша 20 өңірлік федерация бар, 12 заманауи үстел теннисі орталығы, 30 жаңа бөлімше және 35 мамандандырылған зал ашылған.
Қазақстандық спортшылар халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуде. Соңғы екі жылда олар 85 медаль жеңіп алды, оның ішінде 31-і алтын алқа. Олардың арасынан Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименконы, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиевті, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Зәуреш Акашева және Сарвиноз Миркадироваларды ерекше атай кету керек.
2023 жылы Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өткен болатын. Енді 2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.
Премьер-министр Президент Кубогына арнап турнир өткізу отандық спортты әлемдік деңгейге көтеру мақсатындағы маңызды қадам екенін және мұнда Қазақстан мен шет елдердің мықты теннисшілері бас қосатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2025, 09:25 53056
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз алаңында мадридтік "Реалдан" ірі есеппен жеңілді
Сурет: instagram/f.c.kairat
Достарға айту
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық "Қайрат" (Алматы) испаниялық "Реал Мадрид" (Испания) командасын қабылдады, деп хабарлайды Inform.kz.
Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. Әп дегеннен "Қайрат" ойыншылары қонақтарға қауіп төндіріп, Куртуаның қақпасын торуылдаумен болды. Алайда Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшылар да қарап қалмады. Орайы келгенде шабуылға шығып, Шерхан Қалмырзаның да шеберлігін тексеріп көрді.
Кездесудің 25-минутында "Қайрат" командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. "Реалдың" үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58 минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті.
Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды.
Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2025, 08:56 52586
Кадеттер арасындағы ӘЧ-2025: Әлиша, Әдинұр және Данис - әлем чемпиондары
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Әлем чемпиондары атанғандар – 8 жастағы Әлиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек, сондай-ақ 12 жастағы Данис Қуандықұлы. Қазақстандық шахматшылар командалық есепте де үздік шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 қыркүйек аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы СКК бас аренасында өтті.
88 елден келген 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның 20 өңірінен келген 229 ойыншы, классикалық уақыт бақылауымен 90+30 (партияға 90 минут және әр жүріске 30 секунд қосылады) швейцариялық жүйе бойынша 11 турлық қиын жолдан өтті.
11 тур қорытындысы бойынша әлем чемпиондары, күміс және қола жүлдегерлер ұлдар (Open) және қыздар (Girls) арасындағы алты жас санатында анықталды: 8 жасқа дейін (O8 және G8), 10 жасқа дейін (O10 және G10), 12 жасқа дейін (O12 және G12).
G8 санаты (94 қатысушы):
- Әлиша Бисалиева (1704, Қазақстан) – 9½ ұпай;
- Чжу Цзяхэ (1630, Қытай) – 9;
- Болд-Эрдене Целмег (1661, Моңғолия) – 8½.
Астаналық Әлиша Бисалиеваның чемпион атануы үшін соңғы турда тең ойын жеткілікті болды. Ол бұл нәтижеге сенімді түрде, мықты позициядан қол жеткізді.
O8 санаты (150 қатысушы):
- Әдинұр Әділбек (1935, Қазақстан) – 9½ ұпай;
- Фёдор Сидельников (1720, FIDE) – 8½;
- Ван Юйсюань (1728, Қытай) – 8½.
Ұқсас жағдай тағы бір біздің рейтинг фавориті, Астанадан шыққан Әдинұр Әділбекте де болды. Ресейлік Дамир Хасанчинге қарсы ақ фигуралармен ойнаған ол қарсыласын тек қорғанысқа мәжбүр етті. Әдинұрдың шабуылда тәуекел етуге еш қажеттілігі болған жоқ. Тең ойын – және алтын медаль!
G10 санаты (115 қатысушы):
- WCM Шарвааника Сараванан (1971, Үндістан) – 9 ұпай;
- WCM Чинзориг Нандинджигуур (1887, Моңғолия) – 9;
- Киянна Парихар (1728, Үндістан) – 8½.
Бұл жерде де рейтингтегі №1 атанып, жеңіс үшін тең ойын жеткілікті еді. Бірақ Шарвааника жеңіліп қалды, моңғол қызы Нандинджигуурға алға шығуға мүмкіндік туды. Алайда оның қарсыласы – өзбек шахматшысы – оған жол бермеді. Нәтижесінде ұпайлары тең болғанда жеке кездесу бойынша артықшылық үндістандық спортшыда қалды.
O10 санаты (185 қатысушы):
- Юань Шуньчжэ (1805, Қытай) – 9 ұпай;
- CM Ле Фан Хоанг Куан (2031, Вьетнам) – 9;
- AFM Мани Сарбарто (2072, Үндістан) – 8½.
Жарыс басталғанда қытайлық Юань Шуньчжэ 47-ші орында тұрды. Ал мәреде бірінші болып, соңғы турда алматылық Нұрмұхамед Елеместі жеңді де, оны алтын медальдан (және жалпы медальдан) айырды.
G12 санаты (123 қатысушы):
- Лейси Ванг (1883, АҚШ) – 8½ ұпай;
- WFM Лори Кью (1994, АҚШ) – 8½;
- Милана Соколова (1870, FIDE) – 8½.
Соңғы тур алдында екі америкалық пен бір ресейліктен құралған үштік көш бастап тұрды. Олар өз партияларын тең аяқтап, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Қуып жеткендер «үштікті бұза» алмады.
O12 санаты (175 қатысушы):
- CM Данис Қуандықұлы (2211, Қазақстан) – 9 ұпай;
- CM Али Пойраз Уздемир (2196, Түркия) – 9;
- CM Итан Гуо (2330, АҚШ) – 8½.
Бұл жерде тең ойынға ойнау көшбасшыға жамандық кері әсерін берді. Сириялық FM Мазен Фанди (2307) өзі жүлдеге жете алмай қалды, бірақ түрік Уздемирді жеңіп, пьедесталға ықпал етті. Осыдан кейін Данис Қуандықұлы теңесуге және Бухгольц коэффициенті бойынша алға шығуға мүмкіндік алды. Оның CM Дамир Булгакпен (2254) партиясы теңге жақындап келе жатқан еді, бірақ цейтнотта Булгак шешуші қателік жіберді. Қара «g» сарбаз бен тураның қолдауымен уәзірге жетіп, қарсылас сағатын тоқтатуға мәжбүр болды. 2023 жылы 10 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанған алматылық Данис екі дүркін әлем чемпионы болды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 10:20 65461
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды, оның жетеуі - алтын. Нәтижесінде отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты (жеті алтын, бір күміс және екі қола).
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды - алты алтын, екі күміс, үш қола. Үндістан екі алтын, бір күміс және бір қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).
Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2025, 18:06 81176
Спорт жарыстарына қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі туралы
Достарға айту
Спорт жарыстарына қатысу үшін белгіленген ең төменгі жас шегі туралы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан "балаларға спортпен айналысуға тыйым салу" жөніндегі ақпараттарға қатысты түсініктеме беруді қажет деп санайды. Аталған мәлімдемелер 2025 жылғы 16 шілдеде бекітілген №133 бұйрыққа сәйкес келмейді.
Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар - спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты. Осыған орай, министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.
Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.
Осылайша, "спортпен айналысуға тыйым салынды" деген хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл жерде тек жарыстарға қатысуға қойылатын жас талаптары туралы айтылып отыр.
Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.07.2025, 11:38 84176
Қазақстандық таеквондист Универсиада-2025 алтын медалін жеңіп алды
Достарға айту
Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.
Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 20:06 91756
Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды
Достарға айту
Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елордада Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының жиыны өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек, федерацияның вице-президенті Юрий Соловьев, атқарушы директоры Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев және өңірлік филиал басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Соның ішінде ең негізгісі – федерация президентін сайлау. Жиынға қатысушылар, облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері президенттікке ұсынылған Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Министрлік өз тарапынан федерация бастамаларын, спорттық инфрақұрылымды дамытуға, кадрлар даярлауға және отандық спортшылардың ірі халықаралық жарыстарға қатысуына бағытталған жұмыстарды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 23826Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 23561Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 23316Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 16:59 14696Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73486Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72666Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72311Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72296Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68631Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176431Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174656Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151656Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146181Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145851Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

