11.09.2023, 13:18 31721

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатының финалына шықты

Енді біздің шахматшылар финалда Грузия құрамасымен кездеседі
Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатының финалына шықты
Сурет: telegram/KazChess
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясынан.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Әсел Серікбай және Әмина Қайырбекова өнер көрсетеді.

Команданы жарысқа ұлттық құраманың жаттықтырушылары Павел Коцур мен Александр Моисеенко бастап барды. Чемпионатқа қатысу Қазақстан шахмат федерациясының бас серіктесі - Freedom Broker компаниясының арқасында мүмкін болды.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Франция өкілдерінен басым түсті. Әсерлі кездесулер сериясында жеңімпаз тек тай-брейктегі блицте анықталды. Оның қорытындысы бойынша біздің команда 2-1 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Франция құрамасымен кездесу спорттық драманың сюжетіне ұқсады.

Алғашқы кездесуде қара фигурамен ойнаған команда көшбасшысы Бибісара Асаубаева франциялық Дейманте Даулита-Корнеттен ұтылды. Үшінші тақтада қара фигурамен жүрген Алуа Нұрманова да Софи Мильеге қарсы тұра алмады. Тартысты өткен өз матчтарында Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова тең ойнады.

Бірақ қарымта кездесуде қыздарымыз лайықты тойтарыс берді. Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбекова үшінші және төртінші тақтадағы ойындарда бізге жеңіс әкелсе, қалған партиялар тең аяқталды. Ал тай-брейкте Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Енді біздің шахматшылар финалда Грузия құрамасымен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны