26.07.2021, 17:52 9350

Қазақстандық спортшылар дүйсенбіде Токиода өтетін Олимпиадада спорттың жеті түрінен бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстандық спортшылар дүйсенбіде Токиода өтетін Олимпиадада спорттың жеті түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жапония астанасы Токиода осы жаздың көптен күткен спорттық оқиғаларының бірі - XXXII Олимпиада ойындары жалғасуда.
 
Бір жылға кейінге қалдырылған ОО-2020 Ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония Үкіметінің талаптары мен ережелеріне сәйкес қатаң түрде өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.
 
2020 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың өнер көрсетулері мен оқиғалар кестесімен күннің анонсы:
 
Садақ ату. Ерлер. Командалық жарыс: Қазақстан (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев). Басталуы: 06:30. 
 
Дзюдо. Ерлер: Жансай Смағұлов (73 келі). Басталуы: 08:00.
 
Теннис. Әйелдер: Елена Рыбакина – Ребекка Петерсон (Швеция). Басталуы: 08:00.
 
Каноэ, слаломды есу. Ерлер: Александр Куликов. Басталуы: 11:00
 
Үстел теннисі. Ерлер: Кирилл Герасименко — Тимо Болль (Германия). Басталуы: 11:30. 
 
Бокс. Ерлер: Сәкен Бибосынов (52 келі). Басталуы: 15:03.
 
Ауыр атлетика. Әйелдер: Зүлфия Чиншанло (55 келі). Басталуы: 16:50.
 
Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат. 
 
Olympic.kz ақпараты бойынша, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарындағы командалық сайыста жеңіліс тапты. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді. Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты.
 
Халықаралық Олимпиада комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне марапаттау рәсімі кезінде бетперде шешуге рұқсат берді. Соның арқасында олар фотографтардың алдында медальдармен және ашық жүзбен суретке түсе алады, деп жазады Вести.RU.
 
ХОК өзінің ресми сайтында айтылған тиісті хаттаманы бекітті. Алайда реттеуші тармақтар да бар. Сонымен, атлеттер бетперделерді ұлттық әнұранды орындағаннан кейін, арнайы белгі берген кезде алып тастай алады. Бетпердесіз олимпиадашылар тек 30 секунд тұра алады.
 
Сонымен қатар, спортшылар тұғырдың сатысында қалуға міндетті болады, ал белгіленген уақыт өткеннен кейін бірден бетпердені қайтадан кию керек болады. Медаль иегерлері топтық суретке түсу үшін жеңіс тұғырынан кете алады, бірақ бетперде киіп.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны