23.10.2023, 11:49 50781

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP 250 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP 250 турнирінде жеңіске жетті
Сурет: KTF
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP 250 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Яғни, Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен шеберлік байқасты. Франциялық спортшы жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп кеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды - 6:4. Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:4. Осылайша, Александр Бублик ATP турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол өткен жылы Монпельеде осындвй додада үздік шықса, биыл Галле (Германия) ATP 500 турнирінде топ жарған еді.

Ал, Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Ол украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандық Юки Бхамбри - ұлыбританиялық Джулиан Кэшпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (10:8), 6:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны