25.09.2023, 14:47 39016

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарын сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуін тәжікстандық Фируз Мухидиновпен өткізді.

Есеп 0:3 болған кезде тәжікстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Денис Евсеев Шығыс Тимор өкілі Агапито Феррейраны ойсырата ұтты - 6:0, 6:0.

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жұптық сында 23 минутта тәжікстандықтар Бахтиер Исроилов - Собир Саидовқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:0, 6:0.

Григорий Ломакин мен Дмитрий Попко қатарлықтар Исса Шанан Альхарраси - Рашед Наифты тізе бүктірді - 7:6, 6:2.

Тек Гөзал Айнитдинова ғана индонезиялық Джанис Тьенге есе жіберді - 1:6, 2:6.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны