26.09.2023, 21:10 40601

Азия ойындары-2023: елордалық спортшылар финалға шықты

Қытайдағы құрлықтық доданың әйелдер арасындағы көпсайыстың шешуші кезеңі 27 қыркүйек күні өтеді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық гимнастикадан Астана қаласының спортшылары Аида Бауыржанова мен Әмина Халимарден көпсайыстың шешуші сынына жолдама алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астаналық Аида Бауыржанова іріктеу кезеңінде 48.665 ұпай алса, Әмина Халимарден 44.499 ұпай олжалап, XIX жазғы Азия ойындарының финалына шықты.

Қытайдағы құрлықтық доданың әйелдер арасындағы көпсайыстың шешуші кезеңі 27 қыркүйек күні өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны