08.01.2021, 15:26 151613

Биатлоннан Оберхофтағы әлем кубогінде Қазақстан командасының өкілінен коронавиурс анықталды

Қазақстан командасының спортшылары ПТР тестін тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен.
Нұр-Сұлтан. 8 қаңтар. Kazakhstan Today - Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан кезекті әлем кубогі кезеңі басталады. Аталған сынға қатысатын Қазақстан командасында коронавирус жұқтырғандар табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Халықаралық биатлоншылар одағының хабарлауынша, тестілеу әлем кубогінің бесінші кезеңінде өткізілген. Сонымен қатар, Ресей, Чехия және Норвегия командаларында коронавирус жұқтырғандар тіркелді.
 

IBU жүйелі түрде жарыс қатысушыларын SARS-CoV-2 ПТР тестінен өткізеді. Оберхофтағы (Германия) әлем кубогінде де тестілеу жүргізіліп, 4 адамнан оң нәтиже табылды. Зардап шеккендер қатарында Қазақстан, Норвегия, Ресей және Чехия Республикасының өкілдері бар. Команда мүшелері тез арада жағдайдан хабардар болып, оқшауланды", - делінген хабарламада.

 
Оберхофтағы жергілікті денсаулық сақтау органдары SARS-CoV-2 ПТР тестінің оң нәтижесіне орай бірқатар шешімдер қабылдады. Қазақстан командасының өкілі және онымен байланысқа түскен екі адам шұғыл оқшауланды. Спортшылар зардап шеккен жоқ.
 
Olympic.kz ақпараты бойынша, Қазақстан командасының спортшылары SARS-CoV-2 ПТР тестін тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен.
 
Сонымен қатар, Қазақстан Биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов Оберхофтағы (Германия) әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы өкілінен коронавирус белгісінің байқалуына қатысты пікір білдірді.
 

Биатлоннан Қазақстан командасы әлем кубогінің төрт кезеңінен соң Словенияның Поклюка қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Аталған қалада әлем чемпонаты өтетінін ескеріп, сол жерде жаттығуды көздеген болатынбыз. Жиын аяқталған соң, 5 қаңтар күні Қазақстан командасы Германияның Оберхоф қаласына келді. IBU ережесі бойынша, жарысқа қатысушылардың барлығы ковидке қатысты ПТР тест тапсыру қажет. Тест қорытындысы Қазақстан командасының массажшысынан оң нәтиже табылды. Команда массажшысы карантинге жабылды. Ал спортшылардың дені сау, олар жарысқа қатысады", - деді бас хатшы.

 
Осы оқиғаға қатысты команда бас бапкері Мақсат Шаранов та пікір білдірген болатын.
 

Біз Поклюка қаласындағы жаттығу жиынын өте жоғары деңгейде өткізіп, Германияға келдік. Оберхофқа келген соң бірден коронавирусқа ПТР тест тапсырған едік. Кейін команда массажшысының сынағы оң нәтиже көрсетті. Бүгінде құрамадағы атмосфера ойдағыдай, спортшылар жарысқа дайындалып жатыр. Команданың өзге мүшелерінің ПТР тесті теріс нәтиже көрсетті. Сондықтан, алаңдайтын негіз жоқ", - деді бапкер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны