17.08.2023, 15:01 20676

Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен турнирдің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтіп онда италиялық Ясмина Паолинимен кездеседі
Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен турнирдің үшінші айналымына өтті
Сурет: КТФ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, турнирдің осы кезеңінде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-шы) кездесті. Матч Қазақстан теннисшісінің жеңісімен аяқталды - 6:7, 6:2, 6:4.

Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтіп онда италиялық Ясмина Паолинимен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны