19.12.2020, 17:39 131527

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды

Нұр-Сұлтан. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі тартысты өтті деп айтуға келмейді. 1 және 2-раундта-ақ Геннадийдің ауыр соққысынан Камил нокдаун алып қалды.

Ал үшінші раундта Головкин шабуыл қарқынын төмендетіп, қарсыласының жұдырықтасуына мүмкіндік бергендей көрінді.

Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты.

Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты. Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Еске салсақ, бұл жекпе-жекте IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында бірқатар сұраққа жауап беріп өзінің спорттағы арманы туралы айтты.

Ақпарат көзі: inform.kz

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны