06.05.2022, 17:09 50371
Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Сурет: kff.kz
Достарға айту
Қазақстан футбол федерациясында айтып өткендей, оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.
Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: "Анжи", ЦСКА, "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс"", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.
2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.02.2026, 09:53 2246
Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
Сурет: Сали САБИРОВ, ҚР Туризм және спорт министрлігі
Достарға айту
Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.
Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.
Жүлдегерлер:
- 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
- 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
- 3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай
10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай
Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 09:48 6826
Милан-Кортина 2026: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):
1.Ами Накаи (Жапония) - 78.71 ұпай
2.Каори Сакамото (Жапония) - 77.23 ұпай
3. Алиса Лю (АҚШ) - 76.59 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 68.47 ұпай
Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 18:26 14341
Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ерлер арасында 500 метрге додада Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ел намысын қорғады.
Екінші топта жарыс жолына шыққан Абзал соңғы айналымда қарсыластарының қателігін ұтымды пайдаланып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 40.934 секунд.
Үшінші топта өнер көрсеткен Денис Никиша 40.818 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетті. Алайда, Никиша уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша 19 күні өтетін ширек финалда өнер көрсететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 15:19 14616
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды
Достарға айту
Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен.
Жалпы жүлде кестесі (20 мемлекет):
- Ұлыбритания - 3 алтын
- Қазақстан - 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
- Канада - 2 алтын, 1 қола
Қазақстан сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким мен әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова бастаған аруларымыз чемпион атанды.
Күміс жүлдені акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) иеленді
Қола жүлдегерлердің тізіміне Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) кірді.
Әлем Кубогының екінші кезеңі 27-29 наурыз күндері Парижде (Франция) өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.02.2026, 09:47 18421
Қазақстан Әнұраны араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада төрінде тағы шырқалды
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.
Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):
- 1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай
- 2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай
- 3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадада бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.
Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен құттықтады:
Михаил Шайдоровты Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - талай жылғы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, алға қойған мақсатқа деген сенімнің жемісі. Бүгін Михаил елге зор қуаныш сыйлап, отандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жетістік жас спортшыларға шабыт беріп, елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2026, 10:04 30611
Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
Сурет: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Достарға айту
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы Олимпиаданың басты ерекшеліктерінің бірі - ашылу рәсімінің бір мезетте төрт жерде өтуі. Денис Никиша Милан қаласындағы салтанатқа қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы жарыстарын қабылдайтын Ливиньо коммунасындағы рәсімде болды. Сондай-ақ Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде тұтанды: бірі Миландағы Салтанат қақпасында, екіншісі Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу рәсімі Armonia ("Үйлесім") деп аталды.
Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.
Ұлттық құрама спортшылары қатысатын барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 10:56 37336
Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты
Достарға айту
Қазақстанның екінші, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазақстандық теннисші жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингіде 175-орындағы швециялық Элиас Имермен өткізді.
Матчты швециялық спортшы жақсы бастады - 6:3. Дегенмен бұдан кейін Шевченко ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды - 7:5, 6:4, 6:1.
Үш сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Имер 1 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 29-ракеткасы Лернер Тиен немесе рейтингіде 51-сатыдағы Маркос Хиронның қай жеңгенімен таласады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 09:22 46966
Туризм және спорт министрлігі: балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды еліміздегі барлық БЖСМ-де 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.02.2026, 09:53Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
18.02.2026, 12:18 85061Қазақстан мен Молдова парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті18.02.2026, 12:44 84426Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады18.02.2026, 13:20 79371Қазақстанның бастамасымен Женевада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық коалиция талқыланды18.02.2026, 14:22 79111ТүркПА Қазақстандағы референдумды бақылайды18.02.2026, 11:11 72421Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы Солтүстік Македония Парламентінде таныстырылды
09.02.2026, 22:39 224166Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210551Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210431Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210396Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210316Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

