04.09.2023, 18:31 28726

Отандасымыз Прага турнирінің жеңімпазы атанды

Тартысты өткен матч 1 сағат 45 минутқа созылды
Отандасымыз Прага турнирінің жеңімпазы атанды
Сурет: KTF
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Прага (Чехия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли - Камилла Розателломен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда таразы басы алма-кезек ауып, тай-брейкте Құламбаева мен Кубка ептілік танытты – 7:6 (7:3).

Екінші сетте брейк жасаған қазақ пен поляк қызы сол басымдылықты берген жоқ – 6:4.

Тартысты өткен матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева бұдан бұрын белоруссиялық Юлия Готовкомен бірге Римде дәл осындай додада чемпион атанған еді. Міне, енді сол табысын қайталап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны