05.10.2023, 21:07 64921

Рыбакина Бейжің турнирінің ширек финалына шықты

Рыбакина Бейжің турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: KTF
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, 16 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен шеберлік байқасты.

Матчты жас теннисші қарқынды бастады - 6:2. Дегенмен екінші партияда Рыбакина таразы басын өзіне аударды - 6:4.

Үшінші, шешуші сетте Елена 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры үшінші матчболын эйспен тәмамдады - 6:1.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингте 36-сатыдағы италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны