03.06.2024, 19:57 48246

Станислав Черчесов Футболдан Қазақстан құрамасын басқарды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легиясын", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварошын" басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)

Польша чемпионы (2015/16)

Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)

2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)

Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)

Мажарстан кубогының иегері (2021/22)
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны