31.08.2023, 12:48 25206

US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды
US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті
Сурет: KTF
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны қапы қалдырды - 6:3, 6:4.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны