05.08.2021, 21:39 19475

Жетінші қола: қазақстандық каратэші Дархан Асаділов Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды

ТОКИО. 5 ТАМЫЗ - Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп жазады Olympic.kz
 

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды", - делінген хабарламада.

 
Каратэ алғаш рет Олимпиада ойындарының бағдарламасында ұсынылған, бұл Дарханның нәтижесін тарихи етеді. Стивен Да Коста, Асаділов сияқты, әлемдік көшбасшылардың бірі. Оның қоржынында әлем чемпионаттарының "алтын" және екі "қола" бар, ол екі рет Еуропа чемпионы атанды, сондай-ақ көптеген халықаралық жарыстарда жеңіске жетті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны