17.09.2021, 19:30 7483

Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлейді

Душанбе қаласында өтетін іс-шаралар "Хабар 24" телеарнасы арқылы сағат 11:30 тікелей эфирде көрсетіледі.
ДУШАНБЕ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады",- деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Президенттің баспасөз қызметі Душанбе қаласында өтетін іс-шараларды "Хабар 24" телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастырды. Басталуы: Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:30.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны