21.09.2021, 19:53 5990

Мәжіліс пен Сенат ТМД ПАА-дағы Қазақстан Парламентінің өкілетті өкілін бекітті

Игорь Мұсалимовтың дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол.

НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Мәжіліс және Сенат Бюросы өз отырыстарында ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі лауазымына Игорь Мұсалимовтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игорь Мұсалимовтың дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы маусымнан бері ҚР Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, деп атап өтті Мәжілістің баспасөз қызметінде.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір Парламент ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны