11.01.2022, 11:15 13476

10 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды

Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - 2022 жылдың 5 қаңтарында БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелері штаттық тәртіпте жұмыс істеп, сағат 16.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
6 қаңтарда Мемлекет басшысының төтенше жағдай тәртібін жариялауына байланысты Қор кеңселері өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
 
2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің қызметі қайта жанданды. Қор кеңселері халыққа қызмет көрсетуді сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін жалғастырады. 
 
Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының Мерке, Шу және Қордай елді мекендеріндегі бөлімшелер қашықтан жұмыс істейді. 
 
1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы өңірлік бөлімшелер арқылы 16.00-ге дейін жұмыс істейді.
 
БЖЗҚ қызметтері Интернетке өңірлік қосылуға байланысты онлайн режимінде қолжетімді.
 
Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны