26.11.2022, 13:30 13501
Қазақстанда 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді
Достарға айту
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын", - делінген Жарлықтың мәтінінде.
Бұған дейін Президент бүгін заңсыз шығарылған капиталды қайтару және Парламенттік сайлау туралы Жарлықтарға қол қоятыны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.01.2023, 15:39 22546
Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Нұрлан Нұркенов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен әкімнің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұрлан Нұркенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаның сапасын бақылау, кешенді абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. мәселелер бойынша жетекшілік етеді", - деді баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, Нұрлан Нұркенов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келетіні атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 14:40 21901
Қазақстанда судьялар корпусы жаңартылды
Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының жай-күйі және оның тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді
Достарға айту
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президентке Жоғары сот кеңесінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының жай-күйі және оның тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді.
Судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен", - деп хабарлады Шипп.
Бұдан бөлек, Президентке Кеңесті институционалды тұрғыда нығайтуға және оның құзыретіне соттардың кадрлық мәселелерін беруге, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі институтын жетілдіруге бағытталған жоспар туралы баяндалды. Сонымен қатар судьяларды іріктеу ісін жетілдіру және оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Шипптің айтуынша, Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма беріп, сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 14:07 21626
Қорғаныс министрлігі 1,5 мың әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр
Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады, жалпы жиын 30 күнге созылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігі даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомство әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұратынын атап өтті. Жалпы жиын 30 күнге созылады.
Бұйрықтың тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында 2023 жылғы 13 ақпанға дейін жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 13:24 22631
Өткен жылы өндірісте 200-ден астам адам қаза тапты
Достарға айту
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың қорытындысы бойынша, өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1465 жұмыскер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті.
Ведомство, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, өндірістік жарақат 2021 жылдың деңгейінде сақталғанын атап өтті.
Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында - 180 адам, ШҚО-да - 169 адам, Қостанай облысында - 142 адам, Павлодар облысында - 112 адам, Ақтөбе облысында - 103 адам, Алматы қ. - 114 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде - 16,2 % және құрылыс саласында - 15 %. Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,9%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%); қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,8%)", - деп хабарлады ведомствода.
Сондай-ақ, комитет соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ға түскенін атап өтті.
Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 2800 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды "халықтық бақылаушы" ретінде тартуды көздейтін "Халықтық бақылау" әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыруға республиканың 240 кәсіпорны қосылып, онда 600-ден астам жұмыскер ішкі бақылауды жүзеге асыруда", - деді ведомствода.
2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан "Нөлдік жарақат - Vision Zero" тұжырымдамасын жетілдіру болйынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 332 кәсіпорын қосылды.
Сонымен қатар, "Онлайн еңбек консультанты" электронды сервисі іске қосылды. Ол жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында қашықтықтан өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін еңбек заңнамасының сақталуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзіндік тексеруден өтуін қарастырады. Сервис іске қосылғалы бері 13 854 жұмыс беруші оны пайдаланды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтасында бес қызметкер қаза тауып, тағы төрт қызметкер зардап шекті. Трагедияға жауапты 26 адам анықталды, оның ішінде "АрселорМиттал Теміртау" ЖШС басшылығы және шахтаның инженерлік-техникалық құрамын басқарушылар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам өліміне әкеліп соғатын тұрақты жазатайым оқиғаларға байланысты кәсіпорында кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртау"-дан миллиардтаған айыппұл талап етілетінін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 13:52 54281
Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Бүгінгі таңда жоба 80%-ға аяқталды
Шымкент. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шымкентке жұмыс сапары аясында қала басшылығының назарын әуежайдың жаңа терминалының құрылысы созылып жатқанына аударды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек", - деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Шымкент Шығыс пен Батыс арасындағы көлік қозғалысының түйіскен жерінде орналасқан еліміздегі үшінші ірі мегаполис екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде тікелей және транзиттік рейстерді орындауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.
Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80%-дан астамға аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға беріледі. Қала басшысының айтуынша, бұл республикадағы ең ірі терминалдардың бірі болмақ.
Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 13:36 54206
Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Заң жобасы Сенаттың қарауына енгізілді
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Парламент Сенаты депутаттарының қарауына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар мен медициналық техника айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы №1 және №2 хаттамаларды ратификациялау туралы" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, қаралып отырған ратификациялау жобасы №1 хаттама ұлттық рәсім бойынша берілген мерзімсіз тіркеу куәліктері бар медициналық бұйымдарға ЕАЭО шеңберінде қайта тіркеу қажеттілігінсіз ҚР аумағында еркін өтінішті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам медициналық бұйым мен медициналық техника тіркелген, олар бойынша ЕАЭО шеңберінде қайта тіркелу үшін қажеттілік жоқ", - деді Ғиният.
Қаралып отырған № 2 хаттаманы ратификациялау жобасы тіркеуді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға және ұлттық заңнама бойынша жаңа медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Министр Қазақстан Республикасының нарығында медициналық бұйымдар тапшылығының туындауына жол бермеу мақсатында №1 және №2 хаттамаларды ратификациялауды қолдауға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 13:09 53856
Астана әкімі Тоқаевқа елордада жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтты
Қасымбек ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру және басқа да жоспарлар туралы айтып берді
Достарға айту
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылға арналған жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар салуға, елді мекендерді дамытуға, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтауға, жеке инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Жеңіс Қасымбек "Жайлы мектеп" жобасының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Ұлттық жоба аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл басталады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясының қуаты тәулігіне 100 текше метрден астам суды тазалап, жеткізуге жетеді. "Тұран" газ жылу станциясы 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға қауқарлы. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 11:50 50796
Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады
Қағидаларда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты әскери полиция органдары лауазымды адамдарының тәртібі, шаралары, іс-әрекеттері егжей-тегжейлі баяндалған
Достарға айту
Астана. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығымен бекітілген "ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын" қайта өңдеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство қағидалар Қылмыстық-процестік кодекстің 96-бабының талаптарына, "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" және "Әскери полиция органдары туралы" Заңдардың нормаларына сәйкес әзірленгенін айтты. Онда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты әскери полиция органдары лауазымды адамдарының тәртібі, шаралары, іс-әрекеттері егжей-тегжейлі баяндалған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталының "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 27 қаңтарына дейін танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс әскери полиция органдары туралы заң қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
31.01.2023, 08:31Қазақстанда қанша шетелдік автокөлік заңдастырылды 31.01.2023, 10:49 2641AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді31.01.2023, 12:38 2111Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды31.01.2023, 10:17 2031Бас прокуратура шетелдік және отандық қызметкерлердің жалақысындағы теңгерімсіздік ең көп таралған бұзушылық деп атады31.01.2023, 11:34 186110 мыңнан астам бизнеске қойылатын талап реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейді - Смайылов
27.01.2023, 13:52 54281Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54206Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді27.01.2023, 13:09 53856Астана әкімі Тоқаевқа елордада жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтты25.01.2023, 13:19 51386Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсуде27.01.2023, 11:50 50796Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады
12.01.2023, 12:02 63411Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 63071Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 61911ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды27.01.2023, 13:52 54281Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54206Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді