11.02.2022, 19:08 53306

Қазақстан 30 елдің вакцинация паспортын таныды

Қазақстан 30 елдің вакцинация паспортын таныды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 11 АҚПАН - Қазақстан 30 елдің вакцинациялау паспортын таныды, делінген ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қаулысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.
 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Ресей мен Қазақстан екпелерді тану тәртібін келіскен болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны