08.02.2023, 12:45 22331

Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау: 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталады

Сайлау науқаны 18 ақпанда басталады
Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау: 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталады
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 8 ақпан күні сағат 18.00-де Қазақстанда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімі аяқталады.
 
Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну 20 қаңтарда басталды.
 
Мәжіліс сайлауына республикада тіркелген жеті партия жіберілді: "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы; Amanat партиясы; "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы; "Байтақ" қазақстандық жасылдар партиясы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия; Қазақстан Халық партиясы; Respublica партиясы.
 
Сайлау науқаны 18 ақпанда басталып, 18 наурызға дейін жалғасады. 18 наурыз - тыныштық күні.
 
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау бір күнде - 19 наурызда өтеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға 33,4 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны