10.09.2021, 17:08 9486

Жаңа экология министрі тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚЫРКҮЙЕК - Серікқали Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар жаңа министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Ақорда сайтында жарияланған Жарлығында.

 
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.
 
1995 жылы Атырау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бітірген.
 
1995-1997 жылдары "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК экономисті, бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
 
1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
 
1997-1998 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының арнайы техника және қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің инженері, құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-разрядты инженері.
 
1998-2006 жылдары - "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру жөніндегі шебері, кәсіпшілік менеджері.
 
2007-2014 жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
 
2015 жылдан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеді - техникалық саясат департаментінің директоры, ГТҚ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды.
 
2020 жылғы наурызынан бастап - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны