13.04.2022, 15:58 19991

Қазақстанда Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарлануда

Қазақстанда Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі мен Үкіметі басшылығының тапсырмаларына сәйкес, "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары әзірленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заң жобасына сәйкес, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарлануда.
 

Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты радиациялық ластанған және таза жерлерді бөлу, ластанған учаскелерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты оңалту және полигон жерлерін пайдалану мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады", - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

 
Кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде мамандандырылған аймақ құру жоспарлануда.
 
 "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң жобасында:
 
1) бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы" арнайы аймағын құру;
 
2) радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;
 
3) полигон аумағында тарихи пайда болған радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;
 
4) Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.
 
Ведомствода Заң жобаларының ережелерін іске асыру өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
 
Қарау қорытындысы бойынша заң жобасы мақұлданып, әрі қарай қарау үшін Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына жолданды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны