14.09.2022, 15:39 11231

Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақстан мен Ватикан ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Рим Папасы Францисктің Қазақстан Республикасына мемлекеттік (апостолдық) сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған қосымша келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оның VII отырысына Рим Папасы Франциск бастаған Ватикан делегациясы қатысады", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 
Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны