11.11.2022, 13:41 21826

Тоқаев Самарқандтағы концертке қатысты

Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің негізгі шаралары бүгін өтеді.
Самарканд. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларымен бірге Самарқандтағы "Мәңгі қала" кешенінде ұйымдастырылған концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Концерт түркі халықтарының мәдени мұрасына арналды.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа жұмыс сапарымен келген болатын. Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің негізгі шаралары бүгін, 11 қарашада өтеді.
 
Талқылауға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстан делегациялары қатысады.
 
Іс-шара барысында Мемлекет басшылары ТМҰ шеңберінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
 
Сондай-ақ, саммитке қатысушылармен екіжақты кездесулер жоспарлануда, деп нақтылады баспасөз қызметі.
 
Ұйымға төрағалық ету Түркиядан Өзбекстанға өтетін саммит бағдарламасы аяқталғаннан кейін Самарқанд декларациясы қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны