20.11.2022, 09:00 9481

Тоқаев ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

Тоқаев ҚР Президенті сайлауында дауыс берді
Сурет: Ақорда
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Журналистер алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.
 

Бүгін - өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Атқаратын жұмыс әлі де көп. Саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жазда жалпыұлттық референдум өтті. Енді, міне кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп жатыр. Келешекте бұл жұмыстар жалғаса береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Естеріңізге сала кетейік, сайлауда дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10033 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны