12.12.2022, 12:44 16141

Президент "АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшылардың қаза тапқаны туралы: Қоғам шұғыл шараларды күтуде

2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан астам апат орын алып, Қазақстанның 100-ден астам азаматының өмірін қиды
Президент "АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшылардың қаза тапқаны туралы: Қоғам шұғыл шараларды күтуде
Сурет: ortcom.kz
Астана. 12 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік жарақаттану тақырыбын, атап айтқанда "АрселорМиттал Теміртау"өңірлік оқиғаларын қозғады.
 
Осы жылдың 11 айында елімізде өндіріс орындарында 157 адам мерт болды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
 

Өндірістік жарақаттану шынайы проблемаға айналып отыр. Осы жылдың 11 айында өндірісте 1 124 жұмысшы зардап шегіп, оның 157-і мерт болды. Жекелеген кәсіпорындарда адам өлім-жітімі бар апаттар жүйелі сипатқа ие болып отыр. Сөз "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жайында да болып отыр", - деді Мемлекет басшысы.

 
ҚР Президентінің дерегінше, аталған кәсіпорында 2006 жылдан бері 20-дан астам апаттан, 100-ден астам адам мерт болған.
 

Осы жылдың өзінде ғана 14 адам, оның ішінде өткен аптада ғана 1 адам қаза тапты. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есебіне сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңнамаларын бұзып отыр, инвестициялық міндеттемелерін орындамайды. Қоғам әділетті және кідіріссіз іс-шараларды күтеді. Бақылау тікелей Премьер-Министрге тиесілі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Еске сала кетейік, 3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.

Комиссия шахтадағы авария Д6 аса қауіпті шығарылатын қабатын ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір шаңының көп мөлшерінің шығуына байланысты, кенеттен газдинамикалық құбылыс салдарынан орын алды деген қорытындыға келді. Тұтануға әкелген негізгі себеп бұрғылау станогындағы №79 пикет ауданындағы металл бекіткіштер элементтерінен бұрғылау штангасының үйкелісі нәтижесінде ұшқынның пайда болуы, сонымен қатар көмір департаментінің және тікелей шахтаның инженерлік-техникалық персоналы тарапынан тиісті бақылау жұмыстарының сапасыздығынан, осындай апатты жағдайларға әкеп соқты. Мемлекеттік үкіметтік комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100%, қызметкерлердің кінәсі 0% екенін анықтады.
 
8 желтоқсанда кәсіпорында тағы бір қызметкердің қайтыс болғаны белгілі болды.

Қазақстанда "АрселорМиттал" компаниясының жұмысына тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны