08.12.2022, 11:33 23491

"АрселорМиттал Теміртауда" тағы бір жұмысшы қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртауда" тағы бір жұмысшы қаза тапты
ҚР ҚК-нің "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қарағанды. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да 1982 жылы туған қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 желтоқсан күні таңертең "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінде оқыс оқиға болды. 1982 жылы туған газшы қайтыс болды.

Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері зерттелуде.

Толықтырылды:

Кейін Қарағанды облысының полиция департаменті бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген ведомство хабарламасында.


Еске сала кетейік, 3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.

Комиссия шахтадағы авария Д6 аса қауіпті шығарылатын қабатын ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір шаңының көп мөлшерінің шығуына байланысты, кенеттен газдинамикалық құбылыс салдарынан орын алды деген қорытындыға келді. Тұтануға әкелген негізгі себеп бұрғылау станогындағы №79 пикет ауданындағы металл бекіткіштер элементтерінен бұрғылау штангасының үйкелісі нәтижесінде ұшқынның пайда болуы, сонымен қатар көмір департаментінің және тікелей шахтаның инженерлік-техникалық персоналы тарапынан тиісті бақылау жұмыстарының сапасыздығынан, осындай апатты жағдайларға әкеп соқты. Мемлекеттік үкіметтік комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100%, қызметкерлердің кінәсі 0% екенін анықтады.

ҚР Премьер-Министрі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны