23.11.2022, 12:30 12456

ТЖМ Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін айтты

ТЖМ Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін айтты
Сурет: Depositphotos
Шахтинск. 23 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифинг барысында Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада бес адамның өмірін қиған апаттың себебін атады.
 

Комиссия шахтадағы авария Д6 аса қауіпті шығарылатын қабатын ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газдар мен көмір шаңының көп мөлшерінің шығуына байланысты, кенеттен газдинамикалық құбылыс салдарынан орын алды деген қорытындыға келді", - деді Ильин.

 
Тұтануға әкелген негізгі себеп бұрғылау станогындағы №79 пикет ауданындағы металл бекіткіштер элементтерінен бұрғылау штангасының үйкелісі нәтижесінде ұшқынның пайда болуы, сонымен қатар көмір департаментінің және тікелей шахтаның инженерлік-техникалық персоналы тарапынан тиісті бақылау жұмыстарының сапасыздығынан, осындай апатты жағдайларға әкеп соқты.
 

Мемлекеттік үкіметтік комиссия жұмыс берушінің кінәсінің 100%, қызметкерлердің кінәсі 0% екенін анықтады. Жұмыс барысында комиссия ҚР еңбек заңнамасын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзуға жол берген жауапты тұлғалар тобын айқындады. Аварияны тергеу жөніндегі материалдар процестік шешімді одан әрі қабылдау үшін қадағалау және құқық қорғау органдарына берілетін болады", - деді Юрий Ильин.

 
ТЖМ басшысы қайғылы жағдайға жауапты 26 адам анықталғанын, оның ішінде "АрселорМиттал Теміртау" ЖШС басшылығы мен шахтаның инженерлік-техникалық құрамының басшылары анықталғанын айтты.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 5 кеншінің өмірін қиған апаттан кейін Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртау"-дан көп миллиардтық айыппұл талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорында адамдар қаза тапқан тұрақты апаттарға байланысты "АрселорМиттал Теміртауды" кешенді тексеруді тапсырды.
 
Кәсіпорын өндірісті жаңғыртуға қаражат салуға міндеттеледі, деп хабарлады Сенат отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
 
Депутаттардың пікірінше, Үкімет "АрселорМиттал"-дың меншік иесін ауыстыру мәселесімен байыпты айналысатын кез келді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны