13.02.2023, 20:50 26231

Қазақстанда тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынады

Қазақстанда тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынады
Алғаш рет ескерту түріндегі жаза қарастырылған. Бір жыл ішінде бірнеше рет бұзушылық үшін - 10 АЕК айыппұл (34 500 теңге)

Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі.
 

Медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісі туралы хабарламауы - жеке тұлғаларға - 5, лауазымды адамдарға - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер әкімшілік жаза қолданылып, кейін 1 жыл ішінде дәл сол әрекеті қайталанса, онда жеке тұлғаларға - 20, лауазымды адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", - деп жазылған жаңа редакцияда.

 
Құжаттың толық мәтінімен 3 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтында танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны