23.02.2023, 11:34 12426

Сенат әскери полицияның өкілеттіктерін кеңейту туралы заңды мақұлдады

Заң әскери полиция органдарының әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану мәселелерін, сондай-ақ олардың кадр құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді
Астана. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат депутаттары жалпы отырыс барысында "Әскери полиция органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға бірқатар түзетулер енгізіп, оларды мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Бұл заңдар әскери полицияның мәртебесі мен қызметін айқындау үшін әзірленді.

Осы заңдар арқылы әскери полиция органдарының құзыреті мен өкілеттіктері белгіленеді. Әскери қызметшілердің құқықтық жағдайы, оларды қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелері де реттеледі. Алдағы уақытта бұл заңдар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.


Бұрын хабарланғандай, енгізілген өзгерістерге сәйкес, әскери полиция органдарына әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге тікелей қатысу, әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құқығы берілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны