30.03.2023, 16:36 67061

Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды

Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды
Сурет: Depositphotos
Уылдырық шашу кезеңіне тыйым салынды

Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның кейбір су айдындарында балық аулауға тыйым салды.
 
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
 
  • Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.
  • Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  • Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары , сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  • Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
  • Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  • Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  • Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  • Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
 
Аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдерінде:
 
1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
 
  • Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
  • Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
  • Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта.
 
2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
 
3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта. Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
 
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
 
5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленеді.
 
Бұйрық 2023 жылғы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Еске салайық, кеше Атырау облысында браконьерлерден 400 келіден астам бекіре балығы тәркіленді. Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін Маңғыстау облысында полицейлер 120 келіден астам бекіре тәркілеген.
 
Биыл Каспий маңы елдері бекіре балық аулауға мораторий мерзімін ұзартты. Балық аулауды тек ғылыми-зерттеу мақсатында жүргізу жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны