28.02.2023, 09:54 14906

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға келді

Блинкеннің елордаға келгені туралы журналист Астана уақыты бойынша түнгі сағат екіде хабарлады
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ұшып келді, деп хабарлады әлеуметтік желілерде америкалық журналист Иэн Марлоу.
 

Біз Энтони Блинкеннің Орталық Азия мен Үндістанға G20 министрлік кездесуіне жасаған сапары аясында Астанаға жаңа ғана қондық", - деп жазды Марлоу Twitter-де Астана уақыты бойынша түнгі сағат екіде.

 
Естеріңізге сала кетейік, Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.
 
Бүгін Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны