21.02.2023, 21:30 24681

Алматыда жолдарды шұңқырлы жөндеу мерзімінен бұрын қолға алынады

Биыл ұзындығы 200 км болатын 220 көше орташа жөндеуден өтеді
Алматыда жолдарды шұңқырлы жөндеу мерзімінен бұрын қолға алынады
Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда асфальтбетон қоспасын қолдана отырып, жолдарды ағымдағы жөндеу басталды. Шұңқырлы жөндеу жұмысының сапасын арттыру үшін маусымдық профилактикада болған асфальтбетон зауыты іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Бұл қалалық мобильділік басқармасы "Асфальтбетон-1" зауыты мен жол жөндеу компаниялары арасындағы қол қойылған меморандумнан кейін жүзеге асты. Құжатқа сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеуге 5 компания кіріседі.
 
Жөндеу жұмыстары магистральдық және аудандық маңызы бар көшелерде жүргізіледі және қаланың барлық ауданын қамтиды. Негізгі жол жөндеу жұмыстары көктемнің соңында, ауа-райы қолайлы болған кезде басталады. Биыл ұзындығы 200 км болатын 220 көше орташа жөндеуден өтеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, жол жұмыстары кезіндегі миллиардтаған бұзушылықтарды Бас прокуратура анықтады. Мемлекеттік сатып алу кезінде өнім жеткізушілер таңдау кезеңі автожолдар саласындағы неғұрлым жемқорлықпен байланысты болып табылды.

11 ақпанда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі автожолдардың сапасын сынға алды. Смайылов жол төсемінің нашарлығы апаттар мен құрбандарға әкеліп соқтыратынын, транзиттік ағынды азайтатынын, сонымен қатар еліміздің имиджіне кері әсерін тигізетінін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны