21.04.2022, 17:48 28996

AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 26 сәуірде өтеді

AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 26 сәуірде өтеді
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Бүгін "AMANAT" партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Facebook-те AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлағандай, оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. 
 

Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады", - деп жазды Оралов.

 
Сондай-ақ, съезд барысында "ADAL" саяси партиясының "AMANAT" партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.
 
Бұған дейін Тоқаев AMANAT партиясының трансформациясын жандандыруды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны