21.11.2022, 12:02 16676

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сай келетінін атап өтті.
 
Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
 
Толықтырылды:
 
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
 

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.
 
Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
 
Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Еxit poll-дың алдын ала нәтижелері бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 80%-дан астам дауысын жинап, Қазақстан Президентінің сайлауында көш бастап тұр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны